2025 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 21/6 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 қарашада № 7829-15 болып тіркелді

      Ескерту. 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі – осы шешімнің 2-тармағымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-3-бабының 5-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшері 2025 жылға салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрттен) 3 (үш) пайызға дейін төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы А. Асанова

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области на 2025 год

Решение Тимирязевского районного маслихата Северо-Казахстанской области от 20 ноября 2024 года № 21/6. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 22 ноября 2024 года № 7829-15

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Тимирязевский районный маслихат Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      Сноска. Вводится в действие с 01.01.2025 в соответствии с пунктом 2 настоящего решения.

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога в Тимирязевском районе Северо-Казахстанской области с 4 (четырех) на 3 (три) процента по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период на 2025 год.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель районного маслихата А. Асанова