Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасында:
11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"11. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың төрағасы мен облыс (қала, аудан) әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | М. Хайруллиев |