"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 119-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 8 қазанда № 5224-06 болып тіркелді

      Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы" Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасында:

      11-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "11. "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы салтанатты және жариялық жағдайында облыстық (қалалық, аудандық) мәслихаттың төрағасы мен облыс (қала, аудан) әкімі тапсыратын куәлікпен және төсбелгімен расталады.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылықты сақтау, депутаттық этика және құқық қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы М. Хайруллиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады