Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31, 37-баптарына сәйкес Атырау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қалалық бюджеттен қаржыландырылатын,азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау қаласы әкімінің орынбасары С.Нсанбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласының әкімі | Ш. Кейкин |
Атырау қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 1337 Қаулысына қосымша |
Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениетсаласындағы мамандарлауазымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;
2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
Ауылдық маңызы бармемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшылары (директорлары);
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекеме және мемлекеттік қазыналық кәсіпорын бөлім басшысы;
музыкалық жетекші;
кітапханашы;
барлық атаудағы әдістемеші;
аккомпаниатор.