Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау қаласы Мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 102 "Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5175-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілінде 1 қосымшасында:
4-тармағының 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы алаңның 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.".
2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Атырау қаласы Мәслихатының төрағасы |
Б. Мурзагалиев |