Атырау қаласы Мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 102 "Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 121 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 маусымда № 5212-06 болып тіркелді

      Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласы Мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 102 "Атырау қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5175-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілінде 1 қосымшасында:

      4-тармағының 2 абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға пайдалы алаңның 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.".

      2.Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Атырау қаласы Мәслихатының
төрағасы
Б. Мурзагалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады