Исатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай аудандық мәслихатының 2019 жылғы 7 қарашадағы № 266-VІ "Исатай ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидасы мен мөлшерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4526 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті орган – "Исатай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | А. Рахметов |