Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қызылқоға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Қызылқоға ауданының әкімдігінің 2023 жылғы 22 қарашадағы № 215 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5101-06 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған қаулының кіріспесіндегі "50-1" деген сандар "73" деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылқоға ауданының әкімі | К. Азмуханов |