"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" № 181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізімінде № 33110 болып тіркелді) сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылға арналған туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Индер аудандық мәслихат төрағасы |
А. Рамазанов |