"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 496 "Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3727 болып тіркелген) және 2017 жылғы 19 маусымдағы № 250 "Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 496 "Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулыларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жангалиев |