Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 8 сәуірдегі № 66 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 сәуірде № 5173-06 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 496 "Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3727 болып тіркелген) және 2017 жылғы 19 маусымдағы № 250 "Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 496 "Құрманғазы ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулыларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3913 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жангалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады