"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының "Қазақстан Республикасының 2007 жылғы № 319 "Білім туралы" Заңының талаптарының аудан көлемінде орындалу барысы және заңды жүзеге асырудағы алда тұрған міндеттер жөнінде" 2009 жылғы 14 қазандағы № 205-ХХІІ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4-8-166 болып тіркелген) шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Құрманғазы аудандық Маслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы | Г. Калиева |