Қазақстан Республикасының 2007 жылғы N 319 "Білім туралы" заңының талаптарының аудан көлемінде орындалу барысы және заңды жүзеге асырудағы алда тұрған міндеттер жөнінде

Күшін жойған

Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 қазандағы N 205-ХХІІ шешімі. Атырау облысы Әділет департаменті Құрманғазы ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 13 қарашада N 4-8-166 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 155-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Құрманғазы аудандық мәслихатының 18.09.2024 № 155-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" заңының 6-бабының талаптары негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі Б. Хасеноваға "Білім туралы" заңының талаптарын сақтап, орындауға ауданның педагогика ұжымын жүмылдыру, оның ішінде мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік көмек пен кепілдіктердің толық орындалуын қамтамасыз ету тапсырылсын.

      2. Аудандық мәслихатқа, аудандық әкімдікке, ауыл, село әкімдеріне:

      1) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы шешім алу;

      2) елді мекендерінде мектебі жоқ білім алушыларды таяудағы мектепке дейін тегін тасу шараларын алу тапсырылсын.

      3. Осы шешім Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткен соң алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, заңдылық және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға (төрайымы - Р. Габдушева) жүктелсін.

      Аудандық Мәслихаттың кезектен
тыс ХХІІ сессиясы төрағасының
міндетін атқарушы, аудандық
мәслихат хатшысы
Р. Сұлтанияев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады