"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Түркістан облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысының әкімі | Д. Сатыбалды |
Түркістан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 56 қаулысына қосымша |
Түркістан облысы әкімдігінің кейбір жойылған қаулылардың тізбесі
1. Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5475 болып тіркелген).
2. Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 39 "Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6064 болып тіркелген).
3. Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 65 "Түркістан облысы әкімдігінің "Түркістан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы" 2020 жылғы 12 наурыздағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27686 болып тіркелген).