Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 23.04.2024 № 17/106-VІІІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2024 жылы Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлері шектеулі контингентінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай, әлеуметтік көмек алушылардың өтініші талап етілмей уәкілетті ұйымның тізімі негізінде әрбір Ауғанстан соғысының ардагерлеріне қосымша 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Арыс қалалық мәслихат төрағасы | К. Ахметов |