Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54/380-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2024 жылғы 1 қазанда № 22/133-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 2 қазанда № 6602-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі №54/380-VІ "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5829 тіркелген, 2020 жылғы 13 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №8/44-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2127 тіркелген) Арыс қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 - баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4 және 5 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға арттырылсын".

      2. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихат аппаратының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арыс қалалық мәслихат төрағасы К. Ахметов

О внесении изменения в решение Арысского городского маслихата от 23 сентября 2020 года № 54/380-VІ "О корректировке базовых ставок земельного налога"

Решение Арысского городского маслихата Туркестанской области от 1 октября 2024 года № 22/133-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 2 октября 2024 года № 6602-13

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и пунктом 1 статьи 510 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), маслихат города Арыс РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Арысского городского маслихата от 23 сентября 2020 года №54/380-VІ "О корректировке базовых ставок земельного налога" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №5829, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 13 октября 2020 года) следующие изменения:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. На основании схемы зонирования земель города Арыс, утвержденной решением Арысского городского маслихата от 25 сентября 2012 года №8/44-V (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №2127) повысить базовые ставки земельного налога, установленные статьями 505 и 506 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) для земель, находящихся в зонах 1, 2, 3, 4 и 5 за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции на 50 (пятьдесять) процентов.".

      2. Государственному учреждению "Аппарат маслихата города Арыс" в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в Республиканском государственном учреждении "Департамент юстиции Туркестанской области Министерства юстиции Республики Казахстан";

      2) размещение настоящего решения на интернет-ресурсе аппарата маслихата города Арыс после его официального опубликования.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2025 года.

      Председатель маслихата города Арыс К. Ахметов