Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2020 жылғы 23 қыркүйектегі № 54/380-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 8 қазанда № 5829 болып тiркелдi

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 қыркүйектегі №8/44-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2127 тіркелген) Арыс қаласының жерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 - баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4 және 5 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға арттырылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 01.10.2024 № 22/133-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.

      2. "Арыс қалалық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Арыс қалалық мәслихат аппаратының интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Г. Жанбыров
      Арыс қалалық маслихат хатшысы А. Байтанаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады