Түркістан қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 15/68-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 26 наурызда № 6487-13 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев на 2024 год по городу Туркестан

Решение Туркестанского городского маслихата Туркестанской области от 18 марта 2024 года № 15/68-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 26 марта 2024 года № 6487-13

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев", Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов с 1 января по 31 декабря 2024 года включительно – 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата Г. Сарсенбаев