Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 64/313-VI "Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 17/77-VIII шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 сәуірде № 6518-13 болып тіркелді

      Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы №64/313-VI "Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5692 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы Г. Сарсенбаев

  Түркістан қалалық мәслихатының
2024 жылғы 19 сәуірдегі
№17/77-VIII шешіміне қосымша
 
  Түркістан қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 26 маусымдағы
№64/313-VI шешіміне 2-
қосымша

Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.

О внесении изменения в решение Туркестанского городского маслихата от 26 июня 2020 года № 64/313-VI "О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Туркестан"

Решение Туркестанского городского маслихата Туркестанской области от 19 апреля 2024 года № 17/77-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 22 апреля 2024 года № 6518-13

      Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Туркестанского городского маслихата от 26 июня 2020 года №64/313-VI "О порядке организации и проведения мирных собраний в городе Туркестан" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №5692) следующее изменение:

      приложение 2 к указанному решению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель городского маслихата Г. Сарсенбаев

  Приложение к решению
Туркестанского городского
маслихата от 19 апреля
2024 года №17/77-VIII
 
  Приложение 2 к решению
Туркестанского городского
маслихата от 26 июня 2020 года
№64/313-VI

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от границ прилегающих территорий следующих объектов:

      1) в местах массовых захоронений;

      2) на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.