Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы №64/313-VI "Түркістан қаласында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5692 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | Г. Сарсенбаев |
Түркістан қалалық мәслихатының 2024 жылғы 19 сәуірдегі №17/77-VIII шешіміне қосымша |
|
Түркістан қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы №64/313-VI шешіміне 2- қосымша |
Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары
Мынадай объектілердің іргелес аумақтарының шекараларынан 800 метр қашықтықта пикеттеуді өткізуге жол берілмейді:
1) жаппай жерлеу орындарында;
2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;
3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;
4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;
5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда.