Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Мақтаарал аудандық мәслихатының 24.04.2024 24 № 15-105-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мақтаарал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 6-42-VIII "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6344-13 тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген қағиданың 6-тармағының 3) тармақшасына келесі редакцияда мазмұндалсын:
"оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанда ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 50 (елу) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасымен бекітілген қағиданың 7-тармағы төмендегі тармақшалармен толықтырылсын:
"11) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға – бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
12) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға – бір рет 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде."
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Мақтаарал аудандық мәслихатының төрағасы | К. Сарсекбаев |