Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108 бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Ақжар ауылдық округінің Ақжар елді мекенінің шекараларына Сарыағаш ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 33,59 гектар жерлерді қосу арқылы, Ақжар ауылдық округінің Ақжар елді мекенінің шекаралары өзгертіліп, жалпы көлемі 370,23 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Сарыағаш ауданы әкімдігінің қаулысы мен Сарыағаш аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түркістан облысы,Сарыағаш ауданының әкімі | А. Абдуллаев |
Мәслихат төрағасы | С. Таскулов |