Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасына (шегіне) Жеткіншек елді мекеннің 7460,04 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 19036,73 гектар шекарасында белгіленсін.
2. Осы бірлескен Созақ ауданы әкімдігінің қаулысының және Созақ аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Созақ ауданы әкімдігінің қаулысы және Созақ аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | М. Турысбеков |
Созақ аудандық мәслихатының төрағасы | О. Жәмиев |