Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасын (шегін) өзгерту және белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 122 бірлескен қаулысы және Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 маусымдағы № 120 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 25 маусымда № 6541-13 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Созақ ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасына (шегіне) Жеткіншек елді мекеннің 7460,04 гектар жер учаскесін қосу арқылы, Шолаққорған ауылдық округінің Шолаққорған елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы көлемі 19036,73 гектар шекарасында белгіленсін.

      2. Осы бірлескен Созақ ауданы әкімдігінің қаулысының және Созақ аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бірлескен Созақ ауданы әкімдігінің қаулысы және Созақ аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Созақ ауданының әкімі М. Турысбеков
      Созақ аудандық мәслихатының төрағасы О. Жәмиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады