Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 21/119-VIII шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 6640-13 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №33110 тіркелген) сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері-болу құнының 0 (нөл) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат төрағасы Н. Койбагаров

  2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 21/119-VIII шешіміне
қосымша/

Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна ставкалары

      1. Осы Түркістан облысы Төлеби ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарна ставкалары (бұдан әрі – Ставкалар) "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 10-4) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Осы мөлшерлемелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) жергілікті өкілді орган (бұдан әрі – мәслихат) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган;

      3) туристерді орналастыру орындары – мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен ғимараттар;

      4) уәкілетті орган – туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) шетелдіктер – Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматтығына қатысты екендігінің дәлелі бар адамдар;

      6) шетелдіктер үшін туристік жарна операторлары (бұдан әрі – операторлар) – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарын беретін тұлғалар;

      7) шетелдіктер үшін туристік жарна – қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін туристерден алынатын төлем.

2-тарау. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу тәртібі

      3. Шетелдіктер үшін туристік жарна (туристік – жарна) туристерден қалалар мен аудандардағы хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады (бұдан әрі – орналастыру орындары).

      Төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді.

      Туристік жарнаны төлеушілер, шетелдіктер немесе шетелдіктің тұруына ақы төлейтін жеке немесе заңды тұлғалар (шақырушы тарап, туроператор) болып табылады.

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туристік жарна мөлшерлемелерін жергілікті атқарушы орган осы Қағидалардың негізінде әзірлейді және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсынады.

      5. Орналастыру орындарындағы туристік жарнаға айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 0,2-ден 0,5-ке дейінгі мөлшерінде белгіленген ставкалар қолданылады.

      6. Туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшерін өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өзекті статистикалық деректер негізінде айқындалады.

      Бұл ретте, осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген мөлшерлер шегінде, бірақ жылына екі реттен жиі емес, маусымдыққа байланысты туристік жарна мөлшерлемелерінің мөлшерін өзгертуге рұқсат беріледі.

      7. Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген жағдайда тиісті мәслихаттың шешімі бойынша туристік жарна мөлшерлемесінің мөлшері осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген ең төменгі мөлшерге дейін өзгереді немесе өзгеріссіз қалады.

      8. Орналастыру орындарында шетелдік туристер саны өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ұлғайған жағдайда туристік жарнаның мынадай мөлшерлемелері қолданылады:

      бес пайызға дейін – 0,2 АЕК мөлшерінде;

      бестен он пайызға дейін – 0,3 АЕК мөлшерінде;

      оннан он бес пайызға дейін – 0,4 АЕК мөлшерінде;

      он бес пайыздан және одан жоғары – 0,5 АЕК мөлшерінде.

      9. Шетелдіктердің орналастыру орындарында болған толық емес күні үшін туристік жарна толық болу күні ретінде алынады.

      10. Туристік жарнаны алуды операторлар шетелдіктерді орналастыру орындарында тіркеу сәтінде олардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырады.

      Бұл ретте, орналастыру орындарында тіркеуден алдын алынатын операторлар шетелдіктерді немесе шетелдік үшін туристік жарнаны төлейтін тұлғаларды туристік жарна туралы хабардар етеді.

      11. Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеген шетелдіктерге немесе жеке, немесе заңды тұлғаларға шетелдіктер орналасқан жерінен кеткен кезде операторлар туристік жарнаның төлеу фактісін растайтын құжат береді.

      12. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 11-бабының 5-тармағына сәйкес шетелдіктер үшін туристік жарна республикалық маңызы бар қала, астана және аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне салықтық емес түсімдер болып табылады.

      13. Операторлар төленген туристік жарнаның есебін жүргізеді және тоқсан сайынғы есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей туристік жарнадан алынған сомаларды жергілікті бюджетке аударады.

      14. Жергілікті атқарушы орган туристерді өздерінің әлеуметтік желілері арқылы, сондай-ақ ортақ болу орындарында (вокзалдарда, әуежайларда) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде туристік жарна төлеу қажеттілігі туралы хабардар етеді.

Об утверждении ставок туристского взноса для иностранцев за 2025 год по Толебийскому району

Решение Толебийского районного маслихата Туркестанской области от 25 декабря 2024 года № 21/119-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Туркестанской области 27 декабря 2024 года № 6640-13

      В соответствии с пунктом 2-10 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказа Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 14 июля 2023 года № 181 "Об утверждении Правил уплаты туристского взноса для иностранцев" (зарегистрировано в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 33110), Толебийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить ставки туристского взноса для иностранцев в местах размещения туристов в размере – 0 (ноль) процентов от стоимости пребывания.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель районного маслихата Н. Койбагаров

  Приложение к решению
от 25 декабря 2024 года
№ 21/119-VIII

Ставки туристского взноса для иностранцев по Толебийскому району Туркестанской области

      1. Настоящие ставки туристского взноса для иностранцев по Толебийскому району Туркестанской области (далее-Ставки) разработаны в соответствии с подпунктом 10-4) статьи 10 Закона Республики Казахстан "О туристской деятельности в Республике Казахстан" и определяют порядок уплаты туристского взноса для иностранцев.

      2. В настоящих ставках используются следующие основные понятия:

      1) местный исполнительный орган – коллегиальный исполнительный орган, возглавляемый акимом области, города республиканского значения и столицы, района (города областного значения), осуществляющий в пределах своей компетенции местное государственное управление и самоуправление на соответствующей территории;

      2) местный представительный орган (далее – маслихат) – выборный орган, избираемый населением области, города республиканского значения и столицы или района (города областного значения), выражающий волю населения и в соответствии с законодательством Республики Казахстан определяющий меры, необходимые для ее реализации, и контролирующий их осуществление;

      3) места размещения туристов – гостиницы, мотели, кемпинги, туристские базы, гостевые дома, дома отдыха, пансионаты и другие здания и сооружения, используемые для проживания туристов и их обслуживания;

      4) уполномоченный орган – центральный исполнительный орган, осуществляющий функции государственного управления в области туристской деятельности;

      5) иностранцы – лица, не являющиеся гражданами Республики Казахстан и имеющие доказательства своей принадлежности к гражданству иного государства;

      6) операторы туристского взноса для иностранцев (далее – операторы) –лица, предоставляющие места размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в городах и районах;

      7) туристский взнос для иностранцев – платеж, взимаемый с туристов за каждые сутки пребывания в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в городах и районах.

Глава 2. Порядок уплаты туристского взноса для иностранцев

      3. Туристский взнос для иностранцев (далее – туристский взнос) взимается с туристов за каждые сутки пребывания в местах размещения туристов, за исключением хостелов, гостевых домов, арендного жилья в городах и районах (далее – места размещения).

      Сумма взимаемого туристского взноса, подлежащая уплате, не включается в стоимость проживания.

      Плательщиками туристского взноса являются иностранцы либо физические или юридические лица, оплачивающие проживание иностранца (приглашающая сторона, туроператор).

      4. В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" ставки туристского взноса разрабатываются местным исполнительным органом на основе настоящих Правил и представляются на утверждение в соответствующий маслихат.

      5. К туристскому взносу в местах размещения применяются фиксированные ставки в размере от 0,2 до 0,5 месячного расчетного показателя (далее – МРП).

      6. Размер ставок туристского взноса определяется на основе актуальных статистических данных в сравнении с аналогичным периодом прошлого года.

      При этом, допускается изменение размеров ставок туристского взноса в зависимости от сезонности, в пределах размеров, установленных пунктом 5 настоящих Правил, но не чаще двух раз в год.

      7. В случае снижения количества иностранных туристов в местах размещения по сравнению с аналогичным периодом прошлого года по решению соответствующего маслихата размер ставки туристского взноса изменяется до минимального размера, установленного пунктом 5 настоящих Правил, либо остается без изменений.

      8. В случае увеличения количества иностранных туристов в местах размещения по сравнению с аналогичным периодом прошлого года, применяются следующие ставки туристского взноса:

      до пяти процентов – в размере 0,2 МРП;

      от пяти до десяти процентов – в размере 0,3 МРП;

      от десяти до пятнадцати процентов – в размере 0,4 МРП;

      от пятнадцати процентов и выше – в размере 0,5 МРП.

      9. За неполный день пребывания иностранцев в местах размещения туристский взнос взимается как за полный день пребывания.

      10. Взимание туристского взноса осуществляется операторами в момент регистрации иностранцев в местах размещения при предъявлении ими документов, удостоверяющих их личность.

      При этом операторы информируют иностранцев либо лиц, оплачивающих туристский взнос за иностранца, о взимаемом туристском взносе перед их регистрацией в местах размещения.

      11. Иностранцам или физическим, или юридическим лицам, уплатившим туристский взнос за иностранцев, при выезде иностранцев с мест размещения операторами выдаются документы, подтверждающие факт уплаты туристского взноса.

      12. В соответствии с пунктом 5 статьи 11 Бюджетного кодекса Республики Казахстан туристский взнос для иностранцев является неналоговым поступлением в бюджеты города республиканского значения, столицы и районов (города областного значения).

      13. Операторы ведут учет уплаченного туристского взноса и ежеквартально, не позднее двадцатого числа месяца, следующего за отчетным кварталом, перечисляют полученные суммы от туристского взноса в местный бюджет.

      14. Местный исполнительный орган информирует туристов о необходимости уплаты туристского взноса через свои социальные сети, а также в местах общего пребывания (вокзалах, аэропортах) на казахском, русском и английском языках.