Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы №16/87-VI шешіміне (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №4140 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
"Грамота Төлеби аудандық мәслихатының төрағасымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Төлеби ауданының өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі."
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат төрағасы | Н. Койбагаров |