"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса тіркелген Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесі бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | Д.Айтпаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Н.Қойбағаров |
Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 16/87-VІ шешімімен бекітілген |
Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы
Ереже
1. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында жасалды.
2. Төлеби ауданының Құрмет грамотасымен (әрі қарай – Грамота) Төлеби ауданының алдында сіңірген еңбегін тану белгісінде, оның әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқаны, аудан көлемінде өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, шығармашылық, спорт салаларында, заңдылықты қамтамасыз етуде, қоғамдық тәртіпті сақтауда, азаматтардың құқы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі қызметте, мемлекеттік және әскери қызметте, қоғамдық-саяси және қайырымдылық қызметтерде, қоршаған ортаны қорғауда, өзге өңірлермен мәдени және экономикалық байланыстарды кеңейтуде, халықтар арасындағы достық пен ұлтаралық келісімді нығайтуда қол жеткізген нақты нәтижелер мен қоғамдық мойындауға қол жеткізгені үшін азаматтар, еңбек ұжымдары және ұйымдар наградталады.
3. Төлеби аудандық мәслихатына Грамотамен наградтауға ұсынымды Төлеби аудандық мәслихатының депутаттары, Төлеби ауданының әкімі, Төлеби ауданының аумағында қызмет жасайтын мемлекеттік орталық органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары, Төлеби ауданының қоғамдық және діни бірлестіктерінің алқалық органдары енгізеді.
4. Ұсынымға Грамотамен наградталатын кандидаттардың аудан алдындағы нақты еңбектері мазмұндалған белгіленген үлгідегі марапаттау қағазы қоса беріледі.
5. Төлеби аудандық мәслихатына келіп түскен ұсынымдарды алдын-ала қарау және Грамотамен наградтау туралы ұсынысты дайындауды Төлеби аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірі жүзеге асырады.
6. Егер ұсыным берілген кандидатура немесе наградтау материалдары осы ережемен белгіленген талаптарға жауап бермесе, ол ұсыныс сессияның қарауына енгізілмейді.
7. Грамотамен наградтау туралы шешім Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында қабылданады.
8. Грамотамен наградтау туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудан халқына жеткізіледі.
9. Грамотамен қайта наградтау жүргізілмейді.
10. Грамота Төлеби аудандық мәслихатының хатшысымен немесе соған уәкілдік берілген тұлғалармен Төлеби аудандық мәслихатының сессиясында, сондай-ақ Төлеби ауданының өткізілетін ресми салтанатты шараларда табыс етіледі.
Грамотаны тапсыру алдында марапаттау туралы шешім жарияланады.