Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | Х. Байысбаев |
Түлкібас аудандық маслихаты 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 18/2-08 шешіміне қосымша |
Тұрғын үй сертификатының мөлшері
1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.
Түлкібас аудандық маслихаты 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 18/2-08 шешіміне 2 қосымша |
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1. Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары
2. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3. Толық емес отбасылар
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32546 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.