Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 27/2-08 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 қарашада № 6624-13 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1-бабының 2-тармағына, "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 18883 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. "Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2024 жылғы 19 сәуірдегі №18/2-08 Түлкібас аудандық мәслихаттың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №6519-13 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Х. Байысбаев

  Түлкібас аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 27/2-08 шешіміне 1 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері

      1. Қарыз сомасының 10 %, бірақ әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

      2. Қарыз сомасының 10 %, бірақ әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

  Түлкібас аудандық мәслихатының
2024 жылғы 26 қарашадағы
№ 27/2-08 шешіміне 2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Санаттары

1

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 68-бабында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын санаттары;

2

"Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесінің нәтижелері (сауалнама нәтижелері негізінде кадрларға қажеттілік болжамы) негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларында еңбек қызметін жүзеге асыратын сұранысқа ие мамандар, мемлекеттік қызметшілер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады