Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Жетісай ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық елді мекенінің шекарасына Жетісай ауданының ауылшаруашылығы мақсатындағы 15,0 гектар жерді қосу арқылы, Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық елді мекенінің шекарасы өзгертіліп, жалпы ауданы 173,79 гектар болып белгіленсін;
2. Осы бірлескен Жетісай ауданы әкімдігінің қаулысының және Жетісай аудандық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Жетісай ауданы әкімдігінің қаулысы және Жетісай аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жетісай ауданының әкімі | С. Мамытов |
Аудандық мәслихаттың төрағасы | М. Касимов |