"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағына, 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 8 қаңтардағы № 03/03 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 285қаулысының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24730 болып тіркелген).
2. "Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |