Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қыркүйектегі № 285 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 12 қазанда № 24730 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 4 наурыздағы № 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 04.03.2024 № 63 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Өсімдіктер карантині туралы" Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 16 тамыздағы № 03/627 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы
әкімінің міндетін атқарушы
А. Сматлаев

  қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы аумағында қарағайдың қара мұртты қоңызымен (Monochamus galloprovincialis (Olivier) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимі енгізілген карантин аймағы

Аудандар, ауылдық округте атауы

Жер учаскесінің тиесілігі

Зақымданған алқап, гектарда

Бесқарағай ауданы

Долон ауылдық округі

"Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі Долон филиалының Байдаулет орманшылығы

5

Барлығы


5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады