"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының шекарасы жалпы ауданы 940 777 гектар болып белгіленсін.
2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 216 969 гектар болып белгіленсін.
3. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 102 917 гектар болып белгіленсін.
4. Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының шекарасы жалпы ауданы 378 298 гектар болып белгіленсін.
5. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Көшербаев |
Облыстық мәслихат төрағасы | Д. Рыпаков |