Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Күршім, Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 90 бірлескен қаулысы және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 12/93-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 23 сәуірде № 9008-16 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының шекарасы жалпы ауданы 940 777 гектар болып белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 216 969 гектар болып белгіленсін.

      3. Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының шекарасы жалпы ауданы 1 102 917 гектар болып белгіленсін.

      4. Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауданының шекарасы жалпы ауданы 378 298 гектар болып белгіленсін.

      5. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Көшербаев
      Облыстық мәслихат төрағасы Д. Рыпаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады