"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |
"Келісілді" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 140 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 23.10.2024 № 255 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлем | Субсидия сомасы, мың теңге |
1. | Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге субсидиялар | |||
1.1 | Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары | килограмм | 1 655 154 | 446 891,6 |
1.2 | Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары | 13 295 | 1 396,0 | |
Барлығы: | 448 287,6 | |||
2. | Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін) | |||
2.1 | Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) дана уылдырық | дана | 4 229 650 | 21 148,3 |
2.2 | Албырт тұқымдас шабағы (10 граммға дейін) | 280 000 | 7 000,0 | |
2.3 | Тұқы тұқымдас шабағы (30 граммға дейін) | 166 405 | 2 496,1 | |
Барлығы: | 30 644,4 | |||
Жиынтығы: | 478 932 |