"Құқықтық актілер туралы" Казақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Сактаганов |
2024 жылғы 20 тамыздағы № 205 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
1. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2526 болып тіркелген).
2. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 35 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4911 болып тіркелген).
3. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5681 болып тіркелген).
4. "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 124 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8864-16 болып тіркелген).