Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.08.2024 № 205 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 10-бабының 2-тармағы 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тiзбесiн бекiту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы № 359 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2526, "Дидар" газетінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 23, "Рудный Алтай" газетінің 2010 жылғы 18 ақпандағы № 23 сандарында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген жергiлiктi маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесінде:
4 бөлім "Жарма ауданы":
14 жол алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі |
Д. Ахметов |