"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
"Мемлекеттік реттеу бағалары белгіленген мұнай өнімдерін бөлетін өңірлік операторларды айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 370 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4823 болып тіркелген);
"Шығыс Қазақстан облысындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 85 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8485 болып тіркелген) күштері жойылды деп танылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.Б. Сапановқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Е. Кошербаев |