"Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 438 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 наурыздағы № 173 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 8973-16 болып тіркелді

      Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Зайсан ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 28 шілдедегі № 438 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29373 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Зайсан ауданына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттерін, шатырларын ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

      2-тармақта:

      2), 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;

      3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы (бұдан әрі – кондоминиум) – Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген меншік нысаны, бұл ретте пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте емес бөліктер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жиналыс пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің жалпы санының көпшілігінің келісімімен шешім қабылдайды.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Зайсан ауданының әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан ауданының әкімі А. Ахметсалимкызы

О специализированных местах для организации и проведения мирных собраний, порядке их использования, нормах их предельной заполняемости, требованиях к их материально-техническому и организационному обеспечению, границах прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Постановление акимата Зайсанского района Восточно-Казахстанской области от 15 марта 2024 года № 173. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 19 марта 2024 года № 8973-16

      Акимат Зайсанского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Зайсанского района от 28 июля 2022 года № 438 "Об утверждении Правил организациии проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Зайсанскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за №29373) следующие изменения:

      в Правила организации и проведения мероприятий по текущему или капитальному ремонту фасадов, кровли многоквартирных жилых домов, направленных на придание единого архитектурного облика Зайсанскому району, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 2:

      подпункты 2), 3) изложить в следующей редакции:

      "2) объект кондоминиума – единый имущественный комплекс, состоящий из квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности, и общего имущества, которое не может находиться в индивидуальной (раздельной) собственности и принадлежит собственникам квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;

      3) общее имущество объекта кондоминиума - части объекта кондоминиума (фасады, подъезды, вестибюли, холлы, коридоры, лестничные марши и лестничные площадки, лифты, крыши, чердаки, технические этажи, подвалы, общедомовые инженерные системы и оборудование, абонентские почтовые ящики, земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок, элементы благоустройства и другое имущество общего пользования), кроме квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок, находящихся в индивидуальной (раздельной) собственности;";

      подпункт 8) изложить в следующей редакции:

      "8) кондоминиум многоквартирного жилого дома (далее - кондоминиум) - форма собственности, зарегистрированная в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан, при которой квартиры, нежилые помещения, парковочные места, кладовки находятся в индивидуальной (раздельной) собственности, а те части, которые не находятся в индивидуальной (раздельной) собственности, принадлежат собственникам квартир, нежилых помещений, парковочных мест, кладовок на праве общей долевой собственности, включая единый неделимый земельный участок под многоквартирным жилым домом и (или) придомовой земельный участок;";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Собрание принимает решение при согласии большинства от общего числа собственников квартир, нежилых помещений.".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима Зайсанского района.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Зайсанского района А. Ахметсалимкызы