Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31535 болып тіркелген);
2) "Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы" 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №27-18/1 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 01-03/VIІІ-14-8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8933-16 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Е. Загипаров |