Зайсан ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 27-18/1 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 4 қаңтарда № 31535 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 22/5-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 23.05.2024 № 22/5-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы С. Маркабаев

  Зайсан аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 27-18/1 шешіміне
1 қосымша

Тұрғын үй сертификатының мөлшері

      1. Әлеуметтік көмек ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;

      2. Әлеуметтік қолдау ретінде қарыз сомасының 10% мөлшерінде, бірақ 1,5 миллион (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде.

  Зайсан аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 27-18/1 шешіміне
2 қосымша

Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санатының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 08.12.2023 № 01-03/VIII-14-8 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1) Мүгедектігі бар балалар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары;

      2) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;

      3) толық емес отбасылар;

      4) Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы № 161 бұйрығымен бекітілген еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану Қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 32546 болып тіркелген) сәйкес құрылатын еңбек ресурстарының болжамы есебімен, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның салаларындағы бюджеттiк ұйымдарында еңбек қызметтерін жүзеге асыратын қажетті мамандар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады