Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8942-16 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынылған тізімдеріне сәйкес туберкулез ауруымен ауыратын және амбулаториялық емдеу сатысындағы азаматтарға 26000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде.";
7-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:
"6-1) 1 қазан - Қарттар күні:
90 жасқа толған және одан асқан адамдарға - 10000 (он мың) теңге мөлшерінде.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.