"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIІІ шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2024 жылғы 12 сәуірдегі № 13/19-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 сәуірде № 9006-16 болып тіркелді

      Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 9/3-VIІІ шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8942-16 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      10-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының ауданаралық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының және Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының "Алтай ауданының Серебрянск қаласының қалалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының ұсынылған тізімдеріне сәйкес туберкулез ауруымен ауыратын және амбулаториялық емдеу сатысындағы азаматтарға 26000 (жиырма алты мың) теңге мөлшерінде.";

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) 1 қазан - Қарттар күні:

      90 жасқа толған және одан асқан адамдарға - 10000 (он мың) теңге мөлшерінде.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының мәслихат төрағасы Л. Гречушникова
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________
___________ 2024 жыл
А. Мусинова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады