Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінің Сегізүй, Жосалы ауылдық округінің Кеңащы, Былқылдақ, Бұлдырты ауылдық округінің Жарқамыс, Сарой ауылдық округінің Қызылтан, Жаңақоңыс, Жетікөл ауылдық округінің Ағоба, Қарақұдық елді мекендерін тарату туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 351 және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 16-4 бірлескен қаулысы мен шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 20 желтоқсанда № 7467-07 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Сырым ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінің Сегізүй елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінің Тоғанас ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      2. Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Кеңащы, Былқылдақ елді мекендерінің олардың аумақтары Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      3. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Жарқамыс елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      4. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Қызылтан елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Шағырлой ауылының құрамына, Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Жаңақоныс елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Көздіғара ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      5. Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің Ағоба, Қарақұдық елді мекендерінің олардың аумақтары Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің Қосарал ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.

      6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      7. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Батыс Қазақстан облысының әкімі Н. Турегалиев
      Мәслихат төрағасы М. Мукаев

Об упразднении населенных пунктов Сегизуй Шолаканкатинского сельского округа, Кенашы, Былкылдак Жосалинского сельского округа, Жаркамыс Булдуртинского сельского округа, Кызылтан, Жанаконыс Саройского сельского округа, Агоба, Каракудук Жетикульского сельского округа Сырымского района Западно-Казахстанской области

Совместное постановление акимата Западно-Казахстанской области от 13 декабря 2024 года № 351 и решение Западно-Казахстанского областного маслихата от 13 декабря 2024 года № 16-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 20 декабря 2024 года № 7467-07

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 11 Закона Республики Казахстан "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", с учетом мнения представительного и исполнительного органов Сырымского района, акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Западно-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Упразднить населенный пункт Сегизуй Шолаканкатинского сельского округа Сырымского района, включив его территорию в состав села Тоганас Шолаканкатинского сельского округа Сырымского района.

      2. Упразднить населенные пункты Кенашы, Былкылдак Жосалинского сельского округа Сырымского района, включив их территорию в состав села Коныр Жосалинского сельского округа Сырымского района.

      3. Упразднить населенный пункт Жаркамыс Булдуртинского сельского округа Сырымского района, включив его территорию в состав села Булдурты Булдуртинского сельского округа Сырымского района.

      4. Упразднить населенный пункт Кызылтан Саройского сельского округа Сырымского района, включив его территорию в состав села Шагырлой Саройского сельского округа Сырымского района, населенный пункт Жанаконыс Саройского сельского округа Сырымского района, включив его территорию в состав села Коздигара Саройского сельского округа Сырымского района.

      5. Упразднить населенные пункты Агоба, Каракудук Жетикульского сельского округа Сырымского района, включив их территорию в состав села Косарал Жетикульского сельского округа Сырымского района.

      6. Руководителю аппарата Западно-Казахстанского областного маслихата обеспечить государственную регистрацию настоящего совместного постановления и решения в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области.

      7. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Западно-Казахстанской области Н. Турегалиев
      Председатель маслихата М. Мукаев