Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес, Сырым ауданының өкілді және атқарушы органдарының пікірін ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінің Сегізүй елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Шолақаңқаты ауылдық округінің Тоғанас ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
2. Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Кеңащы, Былқылдақ елді мекендерінің олардың аумақтары Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
3. Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Жарқамыс елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округінің Бұлдырты ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
4. Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Қызылтан елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Шағырлой ауылының құрамына, Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Жаңақоныс елді мекені оның аумағы Сырым ауданы Сарой ауылдық округінің Көздіғара ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
5. Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің Ағоба, Қарақұдық елді мекендерінің олардың аумақтары Сырым ауданы Жетікөл ауылдық округінің Қосарал ауылының құрамына енгізіле отырып, таратылсын.
6. Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппаратының басшысы осы бірлескен қаулы және шешімнің Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
7. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Мәслихат төрағасы | М. Мукаев |