Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратөбе ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қаратөбе ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаратөбе ауданының әкімі | К. Суйеугалиев |
қаулысына қосымша Аким Каратобинского района от 13 июня 2024 года № 104 |
1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданы бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының схемасын бекіту туралы" 2018 жылғы 7 қарашадағы № 134 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5397 болып тіркелген).
2. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 63 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4351 болып тіркелген).
3. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 63 "Қаратөбе ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2019 жылғы 7 наурыздағы № 31 қаулысы ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5568 болып тіркелген).
4. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландыратын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 28 наурыздағы № 36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5133 болып тіркелген).
5. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 36 "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 12 шілдедегі № 85 қаулысы.
6. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 36 "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 68 қаулысы.
7. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің "Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 36 "Қаратөбе ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыланатын аудандық атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 7 тамыздағы № 127 қаулысы.