Теректі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Теректі аудандық мәслихатының "Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 17 қазандағы № 8-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7270-07 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімімен бекітілген Теректі ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
2-тармақтың қағидаларында жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
7- тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен адамдарға (отбасыларға) осы жағдай туындаған кезден бастап үш ай ішінде, табыстарын есепке алмай 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштің шекті мөлшерінде, бір рет;".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Теректі аудандық мәслихатының төрағасы | А. Нургалиев |