Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 11-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 4 маусымдағы № 22-15 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 маусымда № 7383-07 болып тіркелді

      Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының "Шыңғырлау ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 8 қарашадағы № 11-2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7288-07 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында 1-тараудың 2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы С. Тургалиев

О внесении изменения в решение Чингирлауского районного маслихата от 8 ноября 2023 года № 11-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района"

Решение Чингирлауского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 4 июня 2024 года № 22-15. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 5 июня 2024 года № 7383-07

      Чингирлауский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Чингирлауского районного маслихата от 8 ноября 2023 года № 11-2 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления ее размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Чингирлауского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7288-07) следующее изменение:

      в приложении к указанному решению подпункт 1) пункта 2 главы 1 изложить в новой редакции:

      "1) Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) – юридическое лицо, созданное по решению Правительства Республики Казахстан для оказания государственных услуг в соответствии с законодательством Республики Казахстан, организации работы по приему заявлений на оказание государственных услуг и выдаче их результатов услугополучателю по принципу "одного окна", обеспечения оказания государственных услуг в электронной форме;".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата С. Тургалиев