БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 749 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17718 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежай қызметінің құрамына кіретін әуеайлаққа және жерде қызмет көрсету тауарларының, жұмыстарының, қызметтерінің тізбесінде:
9-бөлімде атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-бөлім. Жер үсті көлігі";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Мыналарды қоса алғанда, жолаушыларды жер үсті көлігімен жеткізуін қамтамасыз ету:
1) көлік құралын беру;
2) жолаушыларды әуе кемесіне дейін және кері жеткізу;
3) көлік құралын алу.
45. Мыналарды қоса алғанда, экипажды жер үсті көлігімен жеткізуін қамтамасыз ету:
1) көлік құралдарын (автобус, шағын автобус);
2) әуе кемесіне және кері қарай экипажды жеткізу;
3) көлік құралдарды алу.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі