ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап, қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 4, 11 және 18-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы |
С. Есимханов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгi
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 19-н/қ Бұйрыққа қосымша |
Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жылу энергетикасының жай-күйін мониторингтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жылу энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жылу энергетикасының жай-күйіне мониторингті (бұдан әрі – мониторинг) жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жағдай – жылу беруді өшірудің жалпы ұзақтығы, жылусыз қалған тұтынушылар саны;
2) жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі – бір жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі не кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін және орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің желілері болып табылмайтын жылу желілері арқылы бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен бір немесе бірнеше жылу энергиясын тұтынушы үшін жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесі;
3) жеке жылумен жабдықтау жүйесі – жеке тұрғын үйді жылыту қажеттігі үшін орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінің жылу желілеріне қосылмай, бірден-бір тұтынушыны автономды жылу энергиясы көзінен жылу энергиясымен қамтамасыз ететін жылумен жабдықтау жүйесі;
4) жылумен жабдықтау жүйесі – жылу жеткізгішті өндіруге, тасымалдауға және пайдалануға арналған қондырғылар кешені;
5) жылумен жабдықтау субъектілері – жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер;
6) жылу өндіруші субъект – Заңға сәйкес жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
7) жылу тасымалдаушы субъект – Заңға сәйкес жылу энергиясын тасымалдау және (немесе) өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
8) жылу энергетикасының жоспарлы көрсеткіштері – қысқа мерзімді перспективада қол жеткізу жоспарланатын түйінді көрсеткіштердің мәні;
9) жылу энергетикасының нақты көрсеткіштері – осы (ағымдағы) уақыт кезеңіндегі түйінді көрсеткіштердің мәндері;
10) жылу энергетикасының түйінді көрсеткіштері – жылу энергетикасының жай-күйін бағалайтын негізгі көрсеткіштер (индикаторлар);
11) жылу энергиясын тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) – Заңға сәйкес жылу энергиясын өзі тұтыну және (немесе) қосалқы тұтынушыға одан әрі сату үшін сатып алатын жеке немесе заңды тұлға;
12) жылу тұтынатын қондырғылар – жылу энергиясын тұтынушының қажеттіктері үшін жылу энергиясын, жылу жеткізгішті пайдалануға арналған құрылғылар кешені;
13) жылу энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жылу энергетикасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
14) коммерциялық есепке алу аспабы – жылу энергиясын және (немесе) жылу жеткізгішті коммерциялық есепке алуға арналған, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғы;
15) қамту – тұтынушылардың санаттары бойынша (жеке және заңды тұлғалар, көп қабатты тұрғын үйлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар санаттары бойынша) бөле отырып, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жалғанған тұтынушылардың үлесі, тұтынушылардың жалпы санының пайызымен;
16) қажеттілік – жылдарға және экономика секторларына бөле отырып, жылу энергиясына ағымдағы және болжамды жалпы қажеттілік, килоВатт-сағат (бұдан әрі – кВт-сағ), талап етілетін қуат (ағымдағы және болжамды), МегаВатт (бұдан әрі – МВт);
17) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі – тұтынушылардың жиынтық қосылған жүктемесі жиырма мегаваттан асатын жылу желілері арқылы тұтынушыларға жылу жеткізгішті тасымалдай отырып, бір немесе бірнеше жылу энергиясы көзінен жылумен жабдықтайтын жүйе;
18) отын сапасы – жағу кезінде жылу энергиясын өндіру үшін шаруашылық қызметтегі отынның сапалық параметрлері (энергетикалық құндылығы, қоспаның құрамы, күлділігі);
19) пайдаланылу сенімділігі – энергия жүйесінің тұтынушыларды энергиямен жабдықтаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету және жылу энергиясының сапа көрсеткіштерінің рұқсат етілген шегінде ұстап тұру қабілеттілігі (қысқарту);
20) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – жылу энергиясын тұтыну бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
21) технологиялық және экономикалық қолжетімділігі – орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне қосылғысы келетін тұтынушылардың үлесі, бар тұтынушылар санының пайызымен.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
3. Уәкілетті орган, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және жергілікті атқарушы органдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жылу энергетикасы объектілері мен жылу желілерінің жай-күйі туралы ақпаратты жинауды, жаңартып отыруды және жариялауды қоса алғанда, ұдайы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
4. Мониторингтеу жылу энергетикасының нақты және жоспарлы көрсеткіштерінің негізінде, оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес жылу энергиясын өндіру, тасымалдау, өткізу және тұтыну секторлары бойынша жүзеге асырылады.
5. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 121 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10558 болып тіркелген) бекітілген Электр энергетикасы және жылу энергетикасы салаларындағы тергеп-тексеру жүргізу, электр энергетикасы саласындағы, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі технологиялық бұзушылықтарды есепке алу қағидаларына сәйкес орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіндегі технологиялық бұзушылықтарға мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
6. Жергілікті атқарушы органдар жылу энергиясымен қамтамасыз ету, оның ішінде жылу энергиясының пайдалану сенімділігін, технологиялық және экономикалық қолжетімділігін бағалау, жылыту маусымына дайындық бөлігінде, оның ішінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органнан кезеңділігі жылына кемінде 1 (бір) рет және 3 (үш) айда 1 (бір) реттен жиілетпей алынған деректер негізінде көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге және оларға ақы төлеу мүмкіндігіне қатысты кемсітушілік тәсілді болғызбау мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жылу энергетикасының жай-күйін ұдайы мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.
2-тарау. Мониторинг жүргізуді жүзеге асыру тәртібі
7. Мониторинг жүргізу мақсатында ақпарат алу үшін жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау субъектілерінен осы Қағидалардың 19-тармағының 33) және 34) тармақшаларына және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес бекітілген нысандарға сәйкес және жылу энергиясын тұрмыстық емес қажеттіктерге тұтынатын тұтынушылардан ақпаратты жазбаша сұратады.
8. Жылумен жабдықтау субъектілерінің жергілікті атқарушы органдардың сұрау салуы бойынша ақпарат беру мерзімі кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
9. Электрондық құжат айналымы жүйесі болған кезде құжаттар жергілікті атқарушы органдарға электрондық форматта ұсынылады.
10. Жергілікті атқарушы органдар мониторинг аяқталғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсеткіштер мен өлшемшарттар бойынша барлық деректерді көрсете отырып, мониторинг нәтижелерін өздерінің ресми интернет-ресурстарына орналастырады.
11. Жергілікті атқарушы органдар жылумен жабдықтау субъектілерінің жылу энергетикасының нақты және жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуін олар бекітілгеннен кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 (он бесінші) шілдесіне дейін бағалайды.
12. Жергілікті атқарушы органдар осы Қағидалардың 19-тармағының 33) және 34) тармақшаларына және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларына сәйкес бекітілген нысандарға сәйкес бірінші жартыжылдықтың (ағымдағы жылғы 31 (отыз бірінші) шілдесіне дейін) және жылдың (есепті жылдан кейінгі жылдың 31 (отыз бірінші) қаңтарына дейін) қорытындылары бойынша уәкілетті органға жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша есеп береді.
13. Жергілікті атқарушы органдар жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша есептерді ұсынғаннан кейін уәкілетті орган 30 (отыз) жұмыс күні ішінде елдік есепті өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
14. Жылу энергиясын тұрмыстық емес қажеттіліктерге тұтынатын тұтынушылар жергілікті атқарушы органдарға жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтынатын қондырғылардың құрамы, жылу пункттері жабдығының есепке алу аспаптары мен құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтынатын қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпаратты жыл сайын жылыту маусымы аяқталғаннан кейін нысанға сәйкес ағымдағы жылғы 15 (он бесінші) маусымға дейінгі мерзімде осы бекітілген Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ұсынады.
15. Жылумен жабдықтау субъектілері орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелері шеңберінде тиісті аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органына отынның түрі мен маркасын көрсете отырып, жыл сайынғы негізде жылыту маусымы кезінде пайдаланылған отынның мөлшері бойынша есепті ұсынып тұрады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары жиынтық деректерді уәкілетті органға жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 15 (он бесінші) маусымға дейінгі мерзімде нысанға сәйкес осы бекітілген Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес жібереді.
16. Жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жылыту маусымы аяқталғаннан кейін 15 (он бесінші) маусымға дейін отын түрін көрсете отырып, жылумен жабдықтаудың жеке жүйелерінде жылыту маусымы кезінде пайдаланылған отын бойынша деректерді жинауды жүзеге асырады.
17. Жергілікті атқарушы органдар пайдаланылған отын бойынша жиынтық деректерді уәкілетті органға мониторинг жүргізу шеңберінде ұсынады.
18. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 31 (отыз бірінші) шілдеге дейін ғимараттардағы жылу энергетикасының жай-күйін жылу энергетикасының нақты және жоспарлы көрсеткіштері бойынша бағалайды және өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
3-тарау. Мониторинг жүргізудің өлшемшарттары
19. Мониторинг жүргізу шеңберінде жергілікті атқарушы органдар жылу энергетикасының жай-күйін жылу энергетикасының мынадай көрсеткіштерімен бағалайды:
1) пайдаланылу сенімділігі;
2) авариялық жағдай;
3) қамту;
4) технологиялық және экономикалық қолжетімділігі;
5) қажеттілік;
6) отын сапасы;
7) жылу энергетикасы саласындағы жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВтсағ;
8) когенерация режимінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВтсағ;
9) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерден, кәдеге жаратушы көздерден, рекуператор көздерінен, биомассада жұмыс істейтін қазандықтардан жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВт-сағ;
10) өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясы көздерінің жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВт;
11) көмірді жағу кезінде алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда), кВт;
12) газды жағудан алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда), кВт;
13) тасымалданатын жылу энергиясының жылдық көлемі: орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйесі, кВт-сағ;
14) жылу энергиясы көздерінің белгіленген қуатын пайдалану коэффициенттері, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде, объектілерде, пайызбен;
15) жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясының жылдық нақты тұтынуы, кВт-сағ;
16) жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясының үлестік тұтынуы, кВт-сағ/Гигакалория (бұдан әрі – Гкал);
17) жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының жылдық ысыраптары, Гкал;
18) жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының үлестік ысыраптары, пайыз (бұдан әрі – %);
19) диаметрі бойынша бөлінген жылу желілерінің ұзындығы, километр;
20) диаметрі бойынша бөлінген жылу желілерінің тозу пайызы, %;
21) өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріндегі жылу энергиясын тұтынудың жылдық көлемі, кВт-сағ;
22) өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде көп қабатты тұрғын үйлерде, мемлекеттік және өзге де заңды тұлғаларда, орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінен өзге де тұтынушыларда жылу энергиясын тұтынудың жылдық көлемі (өндірістік және жылыту қажеттіліктеріне), кВт-сағ;
23) өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде көпқабатты тұрғын үйлердегі, мемлекеттік және өзге де заңды тұлғалардың, өзге де тұтынушылардың орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінен (жылыту қажеттіліктеріне) 1 шаршы метрге жылу энергиясының үлестік шығысы, кВт-сағ/ шаршы метр (бұдан әрі – м2);
24) жылу энергиясын өндіру кезінде көздер (орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелері, өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде) және тұтынушылар санаттары (заңды және жеке тұлғалар, көп қабатты тұрғын үйлер, мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар санаттары бойынша) бойынша бөлінген жалпы жылдық шығарындылар, бір тонна көмірқышқыл газының баламасы (бұдан әрі – тСО2экв)/сағ;
25) жылу энергиясын өндіру кезіндегі үлестік шығарындылар, тСО2экв/Гкал;
26) отын түрі бойынша бөле отырып, жылу энергиясын өндіруге арналған отынды тұтынудың жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда), шартты отын тоннасымен;
27) жылу энергиясын өндіруге пайдаланылған энергия ресурстарының жылдық көлемі (өз қажеттіліктеріне арналған энергия, отын, отын жеткізу), шартты отын тоннасымен;
28) жылу энергетикасы тиімділігінің коэффициенті (бұдан әрі – ЖЭТК), пайызбен
Qпайд/Qөнд∙100%, мұндағы:
Qпайд = S* Qi, мұндағы
Qi – көздің жұмысын қамтамасыз етуге байланысты энергия шығындары;
Qөнд – босатылған және есептеу аспаптары бойынша өлшенген энергия қосындысы.
ЖЭТК жылу энергетикасы секторы үшін жалпы және көздер, жылумен жабдықтау жүйелері бойынша бөліне отырып есептеледі;
29) жылу энергиясын "таза" өндіру коэффициенті – жылу энергиясының жалпы мөлшеріне жаңартылатын энергия көздерінен; кәдеге жаратушы көздерден; рекуператор көздерінен; биомассада жұмыс істейтін қазандықтардан өндірілген жылу энергиясы мөлшерінің қатынасы, %
QЖЭК/Qжалп∙100%;
30) көздің берілген пайдалы әрекет коэффициенті (бұдан әрі – ПӘК) – берілген жылу энергиясының оны өндіруге жұмсалатын барлық энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасы, пайызбен;
31) жылу энергиясының үлестік ысыраптары (нақты ысырап/сатылған жылу энергиясының мөлшері, пайызбен):
Qп/Q(сат.)∙100%;
32) желілердің берілген ПӘК – жылу энергиясының пайдалы берілуінің желіге берілген жылу энергиясы мен жылу жеткізгішті айдауға жұмсалатын электр энергиясының шығындарының қосындысына қатынасы
〖ПӘК〗с= Q_(пай.)/(Q_бер+э.э.) ∙100%];
33) орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жұмыс істейтін жылумен жабдықтау субъектілері мынадай:
персонал саны;
жылумен жабдықтау сапасы мен көлемі;
жылу энергиясын тұтыну режимдері;
жабдықтардың, жылу желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі;
аталған мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар;
энергия тиімділігін арттыру және жылу энергиясының ысыраптарын азайту жөніндегі шаралар;
жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологияларын енгізу жөніндегі шаралар туралы ақпарат ұсынады;
34) жеке жылумен жабдықтау жүйелерінде пайдаланылған отынның мөлшері мен түрі туралы көрсеткіштер бойынша бағалайды.
Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 1-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға |
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет – ресурста орналастырылған: | www.gov.kz |
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖЭӨ |
Кезеңділік: | Жартыжылдықта 1 (бір) рет |
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жылумен жабдықтау субъектілері |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: |
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жылу өндіруші субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар және шілде айларының 5-күнінен кешіктірмей; |
|
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы қағаз тасығышта немесе электрондық түрде | |||||||
№ | Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды | Жылу өндіруші субъектінің атауы; БСН немесе ЖСН | Меншік нысаны | Негізгі жылу өндіретін жабдық. | ||||
Құрамы мен түрі | Негізгі отын түрі | Резервтік отын түрі | Тозу, % | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | |
1. | ||||||||
2. |
Кестенің жаласы
Белгіленген қуат, МВт | Қолда бар қуат, МВт | Қосылған қуат, МВт | Жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ | Когенерация режиміде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ | Жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерден,кәдеге жаратушы көздерден, рекуператор көздерінен, биомассада жұмыс істейтін қазандықтардан жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
кестенің жалғасы
Өнеркәсіптік процестерден артылған жылуды кәдеге жарату кезінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі, кВТ-сағ | Көмірді жағу кезінде алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (когерацияны қоспағанда) кВТ-сағ | Газды жағу кезінде алынған жылу энергиясын өдірудің жылдық көлемі (когерацияны қоспағанда) кВТ-сағ | Жылу энергиясын өндірудің жалпы жылдық шығарындылары, тСО2экв/Гкал | |||
Заңды тұлғалар | Жеке тұлғалар | |||||
мемлекеттік | Мемлекеттік емес | Көп қабатты тұрғын үйлер | Жеке тұғын үй құрылысы | |||
15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
кестенің жалғасы
Жылу энергиясын өндіру кезіндегі үлестік шығарындылар тСО2экв/Гкал | Жылу энергиясын өндіруге арналған отын тұтынудың жылдық көлемі, шартты отын тоннасы | Жылу энергиясын өндіруге жұмсалған энергия ресурстарының жылдық көлемі (өз қажеттіліктеріне арналған энергия, отын, отын жеткізу), шартты отын тоннасы | Белгіленген қуатты пайдалану коэфиценті, % |
Жылу энергия |
22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
кестенің жалғасы
Белгіленген ПӘК көзі, % | Өз қажеттіліктеріне арналған электр энергиясының жылдық шығыны, МВт-сағ | Жылу энергиясына деген қажеттілік МВт | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі |
27 | 28 | 29 | 30 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық почта мекенжайы: ___________________________
Телефон: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Мөр орыны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында келтірілген.
Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған қосымша |
Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (1-ЖЭӨ) нысаны, жартыжылдықта 1 (бір) рет)
1. Осы түсіндірме "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын өндіру жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан келесідей толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды көрсетіледі;
3-бағанда жылу өндіруші субъектінің атауы бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда меншік нысаны (мемлекеттік меншік, жеке меншік, квазимемлекеттік сектор) көрсетіледі;
5-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдықтың құрамы мен түрі (қазандық агрегатының саны, маркасы, қуаты)көрсетіледі;
6-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдық пайдаланатын отынның негізгі түрі көрсетіледі;
7-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдық пайдаланатын отынның резервтік түрі көрсетіледі;
8-бағанда негізгі жылу өндіруші жабдықтың тозуы (%) көрсетіледі;
9-бағанда жылумен жабдықтау субъектісінің белгіленген жылу қуаты (МВт) көрсетіледі;
10-бағанда жылумен жабдықтау субъектісінің қолда бар жылу қуаты (МВт) көрсетіледі;
11-бағанда жылумен жабдықтау субъектісінің қосылған жылу қуаты (МВт) көрсетіледі;
12-бағанда жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
13-бағанда когенерация режимінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
14-бағанда жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын объектілерден, кәдеге жаратушы көздерден, рекуператор-көздерден, биомассада жұмыс істейтін қазандықтардан жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
15-бағанда өнеркәсіптік процестердің артық жылуын кәдеге жарату кезінде жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
16-бағанда көмірді жағу кезінде алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (когенерацияны қоспағанда) (кВт-сағ) көрсетіледі;
17-бағанда газды жағудан (когенерацияны қоспағанда) алынған жылу энергиясын өндірудің жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
18-бағанда мемлекеттік заңды тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
19-бағанда мемлекеттік емес заңды тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
20-бағанда көп қабатты тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
21-бағанда жеке тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғаларды жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі жалпы жылдық шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
22-бағанда жылумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын өндіру кезіндегі үлестік шығарындылар (тСО2экв/Гкал) көрсетіледі;
23-бағанда жылу энергиясын өндіруге арналған отынды тұтынудың жылдық көлемі (шартты отын тоннасы) көрсетіледі;
24-бағанда жылу энергиясын өндіруге пайдаланылған энергия ресурстарының жылдық көлемі (өз қажеттілігіне арналған энергия, отын, отын жеткізу) (шартты отын тоннасы) көрсетіледі;
25-бағанда белгіленген қуатты пайдалану коэффициенті (%) көрсетіледі;
26-бағанда жылу энергиясын "таза" өндіру коэффициенті (%) көрсетіледі;
27-бағанда белгіленген ПӘК көзі % көрсетіледі;
28-бағанда электр энергиясының өз қажеттілігіне жылдық шығысы (МВт-сағ) көрсетіледі;
29-бағанда жылу энергиясына деген қажеттілік (МВт) көрсетіледі;
30-бағанда жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 2-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған : | www.gov.kz |
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған және жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖЭТ |
| Жартыжылдықта 1 (бір) рет |
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Жылу тасымалдаушы субъектілер, жылу өндіруші субъектілер (тікелей тұтынушы қосылған жағдайда), республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары. |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: |
Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына жылумен жабдықтау субъектілері есепті жылдан кейінгі жылдың қаңтар және шілде айларының 5-күнінен кешіктірмей; |
| |
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы қағаз тасығышта немесе электрондық түрде |
№ | Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды | Жылу өндіруші субъектінің атауы; БСН немесе ЖСН | Меншік нысаны | Екі құбырлы есептеудегі жылу желілерінің ұзындығы, км | ||
Барлығы | Магистральдық | Тарату | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | ||||||
2. |
кестенің жалғасы
оның ішінде диаметр бойынша бөлінген, км | |||||||
200 мм-ге | тозу, % | 201-ден 400 мм-ге дейін | тозу, % | 401-ден 600 мм-ге дейін | тозу, % | 600 мм-ден жоғары | тозу, % |
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
кестенің жалғасы
Орташа тозу, % |
Тасымалданатын жылу энергиясының жылдық көлемі, |
Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясының жылдық нақты тұтынуы, |
Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр жнергиясының үлестік тұтыну, | Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының жылдық шығыны МВт |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 |
кестенің жалғасы
Жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының үлестік шығыны, % | Жылу энергиясының үлестік шығыны, %; | Жылу энергиясының нормативтік шығындарының деңгейі, % | Жылу энергиясы шығынының нақты деңгейі, % | Жылу желісінің берілген ПӘК, % |
21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
кестенің жалғасы
Желілердің жалпы жылу жүктемесі МВт/сағ | Жылу жнергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылыстардың жалпы саны, бірлік | Орталықтандырылған және жергілікті жылумен қамту | Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін ғимараттар мен құрылыстардың саны, бірлік | Жылу желісінің түрі | |
% | Жылу энергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылыстардың саны, бірлік | ||||
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық почта мекенжайы: ___________________________
Телефон: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Мөр орыны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында келтірілген.
"Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Орталықтандырылған неме жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (1-ЖЭТ нысаны, жартыжылдықта 1 рет)
1. Осы түсіндірме "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйесінде жылу энергиясын тасымалдау жөніндегі ақпарат" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысан келесідей толтырылады:
1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының кодына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кент пен ауылдың атауы көрсетіледі;
3-бағанда жылу өндіруші субъектінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда меншік нысаны (мемлекеттік меншік, жеке меншік, квазимемлекеттік сектор) көрсетіледі;
5-бағанда екі құбырлы есептеудегі жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
6-бағанда екі құбырлы есептеудегі магистральдық жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
7-бағанда екі құбырлы есептеудегі жылу тарату желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
8-бағанда диаметрі 200 мм дейінгі екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
9-бағанда диаметрі 200 мм дейінгі жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
10-бағанда диаметрі 201-ден 400 мм дейінгі екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
11-бағанда диаметрі 201-ден 400 мм-ге дейін жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
12-бағанда диаметрі 401-ден 600 мм дейінгі екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
13-бағанда диаметрі 401-ден 600 мм-ге дейін жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
14-бағанда диаметрі 600 мм жоғары екі құбырлы есептеуде жылу желілерінің жалпы ұзындығы (км) көрсетіледі;
15-бағанда диаметрі 600 мм жоғары жылу желілерінің тозуы (%) көрсетіледі;
16-бағанда жылу желілерінің орташа тозуы (%) көрсетіледі;
17-бағанда тасымалданатын жылу энергиясының жылдық көлемі (кВт-сағ) көрсетіледі;
18-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясының жылдық нақты тұтынылуы (кВт-сағ) көрсетіледі;
19-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты электр энергиясының меншікті тұтынуы (кВтсағ/Гкал) көрсетіледі;
20-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының жылдық шығыны (МВт) көрсетіледі;
21-бағанда жылу энергиясын тасымалдауға байланысты жылу энергиясының үлестік шығыстары (%) көрсетіледі;
22-бағанда жылу энергиясының үлестік шығындары (%) көрсетіледі;
23-бағанда жылу энергиясының нормативтік шығынының деңгейі (%) көрсетіледі;
24-бағанда жылу энергиясының нақты шығын деңгейі (%) көрсетіледі;
25-бағанда жылу желісінің ПӘК-і (%) көрсетіледі;
26-бағанда желілердің жалпы жылу жүктемесі (МВт/сағ) көрсетіледі;
27-бағанда жылу энергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылыстардың (бірлік) жалпы саны көрсетіледі;
28-бағанда орталықтандырылған жылумен қамту (%) көрсетіледі;
29-бағанда орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағындағы жылу энергиясын тұтынатын ғимараттар мен құрылыстардың саны (бірлік) көрсетіледі;
30-бағанда орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесіне қосылғысы келетін ғимараттар мен құрылыстардың саны (бірлік) көрсетіледі;
31-бағанда жылумен қамту субъектісінің жылу желісінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 3-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған | www.gov.kz |
Әкімшілік нысанның атауы: | Жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтыну қондырғыларының құрамы, жылу пункттерінің есепке алу аспаптары мен жабдықтар құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпарат |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ЖЭТ |
Кезеңділік: | жылына 1 (бір) рет |
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес тұтынатын тұтынушылар, Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: |
Жергілікті атқарушы органдарға жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес тұтынатын тұтынушылар есепті жылдан кейінгі жылдың мамыр айының 15-күнінен кешіктірмей; |
| |
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы, қағаз тасығышта немесе электрондық түрде |
№ | Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды. | Жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес, тұтынатын тұтынушылардың атауы; БСН немесе ЖСН; | Жылу энергиясын тұтыну, кВт | |||||||||||
маусым | шілде | тамыз | қыркүйек | қазан | қараша | желтоқсан | қаңтар | ақпан | наурыз | сәуір | мамыр | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |||||||||||
1. | ||||||||||||||
2. |
кестенің жалғасы
Жылу тұтыну қондырғыларының құрамы | Есепке алу аспаптарының болуы және (немесе) болмауы | Жылу пункттері жабдықтарының құрамы | Энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық почта мекенжайы: ___________________________
Телефон: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Мөр орыны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында келтірілген.
"Жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтыну қондырғыларының құрамы, жылу пункттерінің есепке алу аспаптары мен жабдықтар құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпарат" туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (1-ЖЭТ нысаны , жылына 1 (бір) рет)
1. Осы түсіндірме "Жылу энергиясын тұтыну, жылу тұтыну қондырғыларының құрамы, жылу пункттерінің есепке алу аспаптары мен жабдықтар құрамының болуы және (немесе) болмауы, сондай-ақ энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) жөніндегі ақпарат" туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (әрі қарай - Нысан).
2. Нысан келесідей толтырылады:
1-бағанда реттік номері көрсетіледі;
2-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды;
3-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес тұтынатын тұтынушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда есепті кезеңнің әрбір айы бойынша бөле отырып, кВт - та тұтынылған жылу энергиясының мөлшері көрсетіледі (тұтынушыда коммерциялық есепке алу аспаптары болмаған жағдайда кВт-та жылу энергиясын тұтынудың нормативтік көрсеткіштері көрсетіледі);
5-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес, тұтынатын тұтынушының жылу тұтыну қондырғыларының құрамы көрсетіледі;
6-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес тұтынатын тұтынушыда жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуы және (немесе) болмауы көрсетіледі;
7-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес, тұтынатын тұтынушының жылу пункттері жабдықтарының құрамы көрсетіледі;
8-бағанда тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес жылу энергиясын тұтынатын тұтынушының энергия тиімділігі бойынша қабылданған шаралар (автоматтандырылған жылу пункттерін, коммерциялық есепке алу аспаптарын орнату, жылу тұтыну қондырғыларын жаңғырту) көрсетіледі;
9-бағанда жылумен жабдықтау субъектісі жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.
Жылу энергетикасының жай- күйін мониторингтеу қағидаларына 4-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Ұсынылады: | уәкілетті органға |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған : | www.gov.kz |
Әкімшілік нысанның атауы: | Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): | 1-ПОМ |
Кезеңділік: | Жылына 1 (бір) рет |
Есепті кезең: | 20___ жылғы ____________ |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: | Жылу өндіруші субъектілер, Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары |
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: |
Жергілікті атқарушы органдарға жылу өндіруші субъектілер есепті жылдан кейінгі жылдың мамыр айының 15-күнінен кешіктірмей; |
| |
Жинау әдісі: | компьютерленген жүйе арқылы, қағаз тасығышта немесе электрондық түрде |
№ | Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды | Жылуөндіруші субъектінің атауы; БСН немесе ЖСН | Жылыту маусымының кезеңі | |
Басталу мерзімі КК.АА.ЖЖЖЖ. | Аяқталу мерзімі КК.АА.ЖЖЖЖ. | |||
1 | 2 | 3 | 4 | |
1. | ||||
2. |
кестенің жалғасы
Негізгі отын түрі (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) | Негізгі отын маркасы | Резервтік отын түрі (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) | Резервтік отын маркасы | Жылумен жабдықтау жүйесінің түрі |
5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Атауы: _____________________________________
Мекенжайы: __________________________________________
Электрондық почта мекенжайы: ___________________________
Телефон: __________________________________________
Орындаушы: _______________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға:
___________________________________________ __________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), байланыс телефоны қолы
Мөр орыны
Ескертпе: әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы Нысанның қосымшасында келтірілген.
"Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
"Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат" туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (Нысан 1-ПОМ, жылына 1 (бір) рет)
1. Осы түсіндірме "Орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъектінің пайдаланылған отын мөлшері туралы ақпарат" туралы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды (әрі қарай - Нысан).
1-бағанда реттік номері көрсетіледі;
2-бағанда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, кенттің және ауылдың атауы; Әкімшілік-аумақтық объектілер классификаторының коды;
3-бағанда жылу энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін емес тұтынатын тұтынушының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
4-бағанда жылыту маусымының басталу және аяқталу күні, күні, айы және жылы форматында
5-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған негізгі отынның (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) түрі көрсетіледі;
6-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған негізгі отынның маркасы көрсетіледі;
7-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған резервтік отынның (көмір, мазут, газ және (немесе) басқа) түрі көрсетіледі;
8-бағанда жылыту маусымы кезінде жылу өндіруші субъект пайдаланған резервтік отынның маркасы көрсетіледі;
9-бағанда жылумен жабдықтау субъектісі жұмыс істейтін жылумен жабдықтау жүйесінің түрі (орталықтандырылған немесе жергілікті) көрсетіледі.